Перейти к содержимому
Главная страница » «Заң мен тәртіп» – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі

«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның негізі

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – құқықтық мемлекетті қалыптастырудың, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды бағыты.

Осы қағидат аясында Алатау қаласында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қала әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және тұрғындармен тұрақты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше назар аударып келеді.

Қоғамдағы тәртіп – әрбір азаматтың заңға деген құрметінен басталады. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіпті бұзбау, қоршаған ортаны таза ұстау, өзара сыйластық пен жауапкершілік таныту – қауіпсіз әрі жайлы өмір сүрудің басты шарттары.

Алатау қаласының әкімдігі тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады. Заңға бағыну – әр азаматтың міндеті ғана емес, елдің тұрақтылығы мен дамуына қосқан үлесі.

Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана біз қауіпсіз, тәртіпті және өркендеген Алатау қаласын қалыптастыра аламыз.