Перейти к содержимому
Главная страница » 6654 әскери бөлімінде есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді

6654 әскери бөлімінде есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді

Есірткі құралдарына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында 6654 әскери бөлімінің Әскери полиция қызметі Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен бірлесіп мерзімді әскери қызметшілер арасында профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара барысында «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын қолданғаны, сақтағаны, дайындағаны және заңсыз таратқаны үшін көзделген жауапкершілік» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің есірткі құқық бұзушылықтарына қатысты баптары жан-жақты түсіндіріліп, мұндай заңсыз әрекеттердің құқықтық салдары мен заңда көзделген жауапкершілігі туралы толық ақпарат берілді.

Кездесу барысында мамандар есірткі заттарының адам денсаулығына, әскери тәртіпке және қоғам қауіпсіздігіне тигізетін зиянына тоқталып, әскери қызметшілерді салауатты өмір салтын ұстануға, заң талаптарын қатаң сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырды.

Аталған профилактикалық іс-шаралар 6654 әскери бөлімінде әскери тәртіпті нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.