Перейти к содержимому
Главная страница » Берекелі отбасы — қоғамның берік тірегі

Берекелі отбасы — қоғамның берік тірегі

Отбасындағы сыйластық пен өзара түсіністік – тұрақты қоғамның басты құндылығы. Осы бағытта Балқаш ауданында тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында түрлі кездесулер мен түсіндіру шаралары өткізіліп келеді.
Мамандар тұрғындарға отбасындағы келіспеушіліктерді заң шеңберінде әрі өзара келісім арқылы шешудің жолдарын түсіндіреді. Сондай-ақ психологиялық және құқықтық көмек көрсету мүмкіндіктері туралы ақпарат беріледі. Отбасында зорлық-зомбылыққа жол бермеу – қоғамның ортақ міндеті екені үнемі назарға алынады.
Берекелі отбасы – тәрбиелі ұрпақтың бастауы. Сондықтан әрбір шаңырақта өзара құрмет пен жауапкершілік орныққанда ғана қоғамда тұрақтылық нығая түседі.

Алтынай СЕЙІТКЕН