Перейти к содержимому
Главная страница » Цифрлық сауаттылық — алаяқтықтан қорғану жолы

Цифрлық сауаттылық — алаяқтықтан қорғану жолы


Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің түрі көбейіп келеді. Осыған байланысты Балқаш ауданында тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Түсіндіру кездесулерінде азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, құпия кодтар мен банк картасының деректерін ешкімге бермеу, белгісіз қоңырауларға сақтықпен қарау қажеттігі түсіндіріледі. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде таралатын жалған ақпаратты тексерудің маңыздылығы айтылуда.
Интернетті қауіпсіз пайдалану – заман талабы. Әрбір тұрғын қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, алаяқтардың құрбаны болудан сақтана алады.

Алтынай СЕЙІТКЕН