Перейти к содержимому
Главная страница » Есік қаласында түнгі рейд жүргізілді

Есік қаласында түнгі рейд жүргізілді

2026 жылғы 28–29 шілде күндері «Есік қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторларымен бірлесіп, Есік қаласы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі профилактикалық рейд жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қоғамдық орындар, ойын-сауық орындары, саябақтар мен жастар көп жиналатын аумақтар бақылауға алынды. Мамандар жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру жағдайларын анықтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары түсіндіріліп, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғаса бермек.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ