Есірткі – адам өмірі мен денсаулығына ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қатер төндіретін қауіпті құбылыс. Бір рет қолданудың өзі тәуелділікке алып келуі мүмкін, ал оның салдары адамның болашағын, отбасын және өмірлік мақсаттарын жоққа шығаруы ықтимал.
Қазіргі таңда есірткі саудасы интернет пен әлеуметтік желілер арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Қылмыскерлер жастарды жоғары табыс уәде етіп, заңсыз әрекеттерге тартуға тырысады. Алайда есірткіні сақтау, тасымалдау және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеледі.
Есірткінің алдын алу үшін:
- күмәнді ұсыныстардан бірден бас тартыңыз;
- әлеуметтік желілердегі заңсыз жарнамаларға сенбеңіз;
- спортпен айналысып, бос уақытыңызды тиімді өткізіңіз;
- заңсыз әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз;
- жақындарыңызға есірткінің зияны туралы түсіндіріңіз.
Есірткісіз өмір – денсаулықтың, қауіпсіздіктің және жарқын болашақтың кепілі. Әр адам дұрыс таңдау жасап, өз өміріне жауапкершілікпен қарауы тиіс.


