Есірткіге тәуелділік – адамның денсаулығына, психикасына және өміріне орны толмас зиян келтіретін ауыр дерт. Есірткі заттарын қолдану адамның ағзасын әлсіретіп қана қоймай, оның өмірлік құндылықтарын өзгертіп, қылмысқа, әлеуметтік оқшаулануға және отбасының күйреуіне алып келуі мүмкін.
Бүгінде есірткінің заңсыз айналымы қоғам үшін үлкен қауіп төндіруде. Әсіресе жастарды әлеуметтік желілер арқылы есірткіні жарнамалау мен тарату әрекеттері алаңдатады. Сондықтан жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау маңызды.
Есірткіден сақтану үшін:
- белгісіз адамдардың ұсыныстарына сенбеңіз;
- күмәнді заттарды қолданбаңыз;
- спортпен айналысып, пайдалы әдеттерді қалыптастырыңыз;
- қиын жағдайда жақындарыңыз бен мамандардан көмек сұраңыз;
- есірткінің заңсыз айналымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Есірткіге «жоқ» деу – дені сау, жарқын болашақты таңдаудың белгісі. Әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қоғамды есірткісіз болашаққа бірге жетелеуі тиіс.


