Перейти к содержимому
Главная страница » «Focus Logistic» қойма кешенінде еңбек қауіпсіздігі мен автоматтандыру мәселелері талқыланды

«Focus Logistic» қойма кешенінде еңбек қауіпсіздігі мен автоматтандыру мәселелері талқыланды

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы заманауи «Focus Logistic» қойма кешенінің еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында қойма логистикасының қазіргі жағдайы, тауарларды қабылдау, сақтау, есепке алу және жөнелту процестерін ұйымдастыру мәселелері сөз болды. Кешен қызметкерлері қоймадағы жұмыс тәртібі, автоматтандырылған есеп жүйелерін пайдалану және тауар қозғалысын бақылау ерекшеліктері туралы айтты. Сонымен қатар техникалық құралдардың жағдайы мен өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды. Кездесуде қызметкерлердің еңбек жағдайы, жұмыс ауысымдарын ұйымдастыру және білікті мамандар даярлау мәселелері де талқыланды.

«Қойма логистикасы өндіріс пен сауда арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды сала. Мұндағы жұмыс нақты тәртіпті, қауіпсіздікті және технологиялық жүйелердің үздіксіз қызметін талап етеді. Сондықтан сала мамандарының пікірін тыңдап, күнделікті жұмыста кездесетін мәселелерді талқылау маңызды», – деді Алматы облыстық сайлауалды штаб төрағасы Данияр Қасқарауов. Қатысушылар қойма инфрақұрылымын тиімді пайдалану, еңбек қауіпсіздігін сақтау және цифрлық жүйелермен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру жөнінде пікір алмасты.