Перейти к содержимому
Главная страница » ІШІМДІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС – ДЕНІ САУ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

ІШІМДІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС – ДЕНІ САУ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Ішімдікке тәуелділік – адам денсаулығына, отбасы берекесіне және қоғамның тұрақтылығына кері әсер ететін өзекті мәселелердің бірі. Алкогольді шамадан тыс тұтыну түрлі аурулардың пайда болуына, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, жол-көлік оқиғаларына, тұрмыстық жанжалдарға және құқық бұзушылықтардың көбеюіне себеп болады.

Әсіресе жастар арасында ішімдікке әуестік – алаңдатарлық жағдай. Ерте жастан алкогольге тәуелді болу адамның денсаулығына ғана емес, оның болашағына, біліміне және кәсіби дамуына да кері әсерін тигізеді. Сондықтан жас ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, спортпен айналысуға, білім алуға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру маңызды.

Ішімдіктің зиянын азайту үшін:

  • салауатты өмір салтын ұстаныңыз;
  • алкогольдік ішімдіктерден саналы түрде бас тартыңыз;
  • спортпен шұғылданып, пайдалы әдеттерді қалыптастырыңыз;
  • отбасы тәрбиесіне ерекше көңіл бөліңіз;
  • балалар мен жастарға алкогольдің зияны туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз.

Дені сау қоғам – әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Ішімдіктен бас тарту – ұзақ әрі сапалы өмір сүрудің, отбасы бақыты мен қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды кепілі.