Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының негізгі міндеттерінің бірі. Балқаш ауданында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында профилактикалық шаралар тұрақты ұйымдастырылуда. Полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын өткізуде. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бақылау күшейтілуде. Тұрғындардың белсенділігі мен жауапкершілігі қауіпсіз орта қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Заң талаптарын сақтау – бейбіт әрі қауіпсіз қоғамның басты шарты.
Алтынай СЕЙІТКЕН

