Кеген аудандық Жастар ресурстық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидасын ілгерілету және жастардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында «Заң шеңбері» (Law Case Study) атты ерекше форматтағы детективтік квест-ойын өтті.
Шараға белсенді де ынталы жастар қатысып, өздерін шынайы тергеушілер мен заңгерлер орнында сезініп көруге мүмкіндік алды. Қатысушылар ұсынылған әрбір күрделі заңдық кейсті үлкен қызығушылықпен талдап, логикалық ойлау қабілеттері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде көрсетті.
Жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, сарапшы ретінде қолдау көрсеткен
Кеген аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Жандос Сайлаубекұлы, Кеген аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Айбек Әжікеев.
Тәжірибелі полиция қызметкерлері жастардың әрбір шешімін заң тұрғысынан бағалап, шынайы өмірден алынған құқықтық жағдайлар мен олардың шешу жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Шара соңында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен барлық қатысушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы

