Ең алдымен өзіңіздің сайлаушылар тізімінде бар-жоғыңызды тексеріңіз. Мұны 7 тамыздан бастап жасауға болады. Одан кейін дауыс беретін сайлау учаскеңіздің мекенжайын және оның жұмыс уақытын нақтылап алыңыз.
Сайлауға қатысатын партиялардың атауымен ғана шектелмей, сайлауалды бағдарламаларымен де танысыңыз. Оларды экономика, салық саясаты, әлеуметтік мәселелер, өңірлерді дамыту, білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздік бағыттары бойынша салыстырып көріңіз.
23 тамызда Құрылтай құрамына қай партиялардың депутаттары өтетінін және елдегі саяси күштердің арақатынасы қандай болатынын айқындайтын таңдау жасайсыз. Сондықтан сайлау учаскесіне барып, өз дауысыңызды беріңіз. Әр дауыс маңызды!

