Перейти к содержимому
Главная страница » Мүлкін қорғау — әр адамның жауапкершілігі

Мүлкін қорғау — әр адамның жауапкершілігі

Азаматтардың жеке мүлкін қорғау – құқық бұзушылықтың алдын алудағы маңызды бағыттардың бірі. Балқаш ауданында тұрғындарға сақтық шараларын сақтау, үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың қауіпсіздігін күшейту жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері бейнебақылау құрылғыларын орнатудың және көршілермен өзара бақылауды күшейтудің тиімділігін түсіндіреді. Сонымен қатар, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертіледі. Қырағылық таныту арқылы көптеген құқық бұзушылықтың алдын алуға болады. Өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың міндеті.

Алтынай СЕЙІТКЕН