Перейти к содержимому
Главная страница » ОСК сайлаушылар туралы мәлімет жариялады

ОСК сайлаушылар туралы мәлімет жариялады

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуде тұрған 12 561 644 Қазақстан азаматы енгізілген.

Дауыс беруді өткізу үшін Қазақстанда және шетелде 10 427 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

7 тамыздан бастап азаматтар сайлаушылар тізімінен өздерінің деректерін тексере алады.

Сол күннен бастап дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері де беріле бастайды. Оны 22 тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-ге дейін алуға болады.

Мұндай куәлік сайлау күні тіркелген мекенжайынан тыс жерде болатын және басқа сайлау учаскесінде дауыс беруді жоспарлаған азаматтарға қажет.