Перейти к содержимому
Главная страница » Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстың қайталануына жол бермеу мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы пробация қызметімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған сотталғандарға қатысты кешенді профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – сотталғандардың қайта қылмыстық құқық бұзушылық жасауына жол бермеу, олардың қоғамға қайта бейімделуіне жан-жақты қолдау көрсету, сондай-ақ заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Профилактикалық іс-шаралар барысында есепте тұрған азаматтарға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары кеңінен түсіндіріліп, пробация талаптарын бұзған жағдайда туындайтын құқықтық жауапкершілік пен жазаны өтеу тәртібі жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы