Перейти к содержимому
Главная страница » Жемқорлыққа қарсымыз!

Жемқорлыққа қарсымыз!

Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылындағы Әл-Фараби атындағы кітапхананың мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға белсенді жастар, заңгер мамандар, мемлекеттік мекемелерге жаңадан жұмысқа орналасып жатқан қызметкерлер және қоғамдық келісім орталығының өкілдері қатысты. Жиынды Ұйғыр аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақжол Ташкенов жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында мазмұнды баяндама жасады. Ол өз сөзінде қоғамда адалдық қағидаларын нығайту, әр азаматтың жеке жауапкершілігін арттыру және жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу, олардың жолын кесу, мұндай фактілер орын алған жағдайда жедел түрде хабарлау тетіктері кеңінен түсіндірілді. Бұл ретте нақты өмірлік мысалдар да келтірілді. Жиын барысында қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, әр қатысушының пікір білдіруіне мүмкіндік берілді. Мұндай басқосулар қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік ұстаным қалыптастыруға өз үлесін қосары сөзсіз.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Ұйғыр ауданы