Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Балқаш ауданында профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіруде. Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлініп, білім беру ұйымдарында арнайы түсіндіру сабақтары өткізілуде. Сондай-ақ, жүргізушілерге жылдамдықты асырмау және көлік жүргізу мәдениетін сақтау жөнінде ескертіледі. Жолдағы тәртіп – адам өмірін сақтаудың маңызды кепілі. Әрбір жол қозғалысына қатысушы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Алтынай СЕЙІТКЕН

