Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамдағы маңызды міндеттердің бірі. Жол-көлік оқиғалары салдарынан жыл сайын мыңдаған адам түрлі жарақат алып, өкінішке қарай, адам шығыны да орын алып жатады. Сондықтан жол қозғалысына қатысушылардың барлығы жол ережелерін қатаң сақтауы қажет.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептеріне жылдамдықты шамадан тыс асыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, көлікті мас күйінде басқару, қауіпсіздік белдігін тақпау, жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі және жүргізушінің телефонға алаңдауы жатады.
Жол қауіпсіздігін сақтау – тек жүргізушілердің ғана емес, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілердің де міндеті. Әрбір азамат жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып, өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Жолдағы қауіпсіздік үшін мына қағидаларды ұстаныңыз:
- белгіленген жылдамдық режимін сақтаңыз;
- қауіпсіздік белдігін әрдайым тағыңыз;
- көлікті мас күйінде басқармаңыз;
- көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланбаңыз;
- жаяу жүргінші өткелдерімен ғана жүріп өтіңіз;
- балаларды жолда ерекше бақылауда ұстаңыз.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – қайғылы оқиғалардың алдын алудың ең тиімді жолы. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жауапкершілігі адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Қауіпсіз жол – баршамыздың ортақ міндетіміз.


