Зорлық-зомбылық – адамның негізгі құқықтарын бұзатын және қоғамның тұрақтылығына кері әсер ететін күрделі мәселе. Ол отбасында, оқу орындарында, еңбек ұжымында немесе қоғамдық ортада орын алуы мүмкін. Мұндай әрекеттер адамның денсаулығына ғана емес, психологиялық жағдайына да ауыр зардап келтіреді.
Зорлық-зомбылықтың алдын алуда құқық қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің, ата-аналардың және бүкіл қоғамның бірлескен жұмысы аса маңызды. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, өзгелердің құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуі қажет.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін:
- жанжалдарды заң аясында және бейбіт жолмен шешіңіз;
- балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыз;
- жақындарыңыздың психологиялық жағдайына көңіл бөліңіз;
- зорлық-зомбылыққа куә болсаңыз, бейжай қалмаңыз;
- қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – қауіпсіз әрі әділетті қоғам құрудың маңызды қадамы.


