Перейти к содержимому
Главная страница » Ақпарат қауіпсіздігіне абай бол!

Ақпарат қауіпсіздігіне абай бол!

Цифрлық технология дамыған сайын жеке ақпараттың қауіпсіздігі де маңызды мәселеге айналды. Телефон нөмірі, құжат деректері немесе банкке қатысты мәліметтерді қорғауға салғырт қарауға болмайды. Бейтаныс адамдарға жеке ақпаратты жіберу, күмәнді сілтемеге өту немесе белгісіз қосымшаны жүктеу түрлі қауіпке әкелуі мүмкін.
Алаяқтар көбіне адамның өзі берген мәліметтерді пайдаланады. Сондықтан ақпаратты кімге және қандай мақсатпен беріп отырғанын әр азамат мұқият ойлағаны жөн. Жеке деректі қорғау – тек техникалық қауіпсіздік емес, күнделікті сақтық мәдениеті. Ақпаратқа ұқыпты қарау арқылы көптеген келеңсіз жағдайдың алдын алуға болады.

Құралбек СӘБИТОВ