Телефон мен интернетті пайдаланатын алаяқтардың әдістері күн сайын өзгеріп келеді. Олар кейде өзін банк қызметкері, полиция қызметкері немесе басқа ұйымның маманы ретінде таныстырады. Негізгі мақсаты – адамның сеніміне кіріп, ақшасына немесе жеке деректеріне қол жеткізу. Бейтаныс адам сұраған SMS-кодты, карта нөмірін немесе құпия сөзді айтуға болмайды. Күмәнді сілтемелерге өту де қаржылық қауіпке әкелуі мүмкін. «Тез ақша табасыз» немесе «аз ақша салып, көп пайда көресіз» деген ұсыныстарға сақтықпен қараған жөн. Қаржы пирамидасына ақша салмас бұрын ұйымның заңдылығын тексеру қажет. Алаяқтар көбіне адамды асықтырып, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік бермеуге тырысады. Сондықтан күмәнді қоңырау түскен жағдайда әңгімені тоқтатып, ақпаратты ресми арна арқылы тексерген дұрыс. Қаржыңызды қорғаудың ең сенімді жолы – асықпай, ақпаратты бірнеше рет тексеру.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ
