Перейти к содержимому

Алаяқтан сақ болыңыз!

2 қаралым

Цифрлық технологиялардың дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлерінің де көбеюіне жол ашты. Сондықтан жеке деректер мен қаражаттың қауіпсіздігіне мұқият болу бүгінгі күннің маңызды талабына айналды.

Алаяқтар өзін банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе таныс адам ретінде таныстыруы мүмкін. Олар азаматтарды алдап, банк картасының деректерін, құпия кодтарын немесе басқа да жеке мәліметтерін алуға тырысады.

Есте сақтайтын басты қағида – жеке және банк деректерін ешкімге бермеу. Күмәнді сілтемелерге кірмеу, бейтаныс адамдардың қоңырауына бірден сенбеу және күдікті ұсыныстарды мұқият тексеру қажет.

Интернеттегі «оңай табыс», «тиімді несие», «жылдам ақша» сияқты жарнамаларға да сақтықпен қараған жөн. Алаяқтар көбіне адамның сеніміне кіріп, асығыс шешім қабылдауға итермелейді.

Қаржылық және цифрлық сауаттылық – алаяқтықтан қорғанудың маңызды құралы. Сақтық таныту арқылы өзіңізді де, жақындарыңызды да алдаудан қорғауға болады.

Жаухар АМАНГЕЛДИЕВА