Алаяқтықтың түрі өзгергенімен, оның негізгі мақсаты бір – азаматтың сенімін пайдаланып, заңсыз пайда табу. Сондықтан мұндай қауіптен қорғанудың ең қарапайым жолы – кез келген күмәнді ұсынысқа сын көзбен қарау. Бейтаныс адамның қоңырауы немесе хабарламасы арқылы берілген ақпаратқа бірден сенудің қажеті жоқ. Әсіресе ақша аударуды немесе жеке мәлімет беруді талап етсе, алдымен ақпаратты тексерген дұрыс.
Интернеттегі жалған дүкендер мен арзан бағадағы күмәнді ұсыныстар да азаматтардың қаржысын қауіпке ұшыратады. Төлем жасамас бұрын сатушы туралы ақпаратты зерттеу қажет. Қаржылық сауаттылық пен цифрлық мәдениет – қазіргі қоғам үшін маңызды дағды. Алаяқтықтың алдын алу әр азаматтың сақтығынан басталады. Бір минут ойланып, ақпаратты тексеру кейде үлкен шығыннан құтқарады. Сондықтан қырағылықты күнделікті әдетке айналдырған жөн.
Құралбек СӘБИТОВ

