Перейти к содержимому
Главная страница » Алаяқтыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Алаяқтыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Қоғамға жасанды интеллект дендеп енген сайын оны зиянды әрекеттерге пайдаланатындар да көбейген. Әсіресе қоғамда дерт болған алаяқтық іс-әркеттерге осы жасанды интеллекті пайдалну арқылы адамдарды алдап соғу деректері көбейген. Осылайша соңғы уақытта алаяқтардың айласы күшейіп, тіпті қазақ тілінде еркін сөйлеп, адамдардың сеніміне кіруі жиілеп кеткен. Бұрын тілінен немесе сөйлеу мәнерінен күмән туса, қазір ондай белгілер де азайған. Жасанды интеллекттің көмегімен олар өзін басқа адам ретінде оңай таныстырып, түрлі тәсілмен алдауға көшкен.

Осыған байланысты Үлкен Ақсу ауылдық округінде тұрғындардың сақтығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл көшелерінде, қоғамдық орындарда және халық көп жиналатын жерлерде ауылдық округ әкімі аппараты мамандары мен жастар тұрғындармен кездесіп, алаяқтардың жиі қолданатын тәсілдері туралы айтып, нақты мысалдар келтірді.

Түсіндіру барысында азаматтарға бейтаныс нөмірден келген қоңырауларға немесе күмәнді хабарламаларға бірден сенбеу керектігі ескертілді. Әсіресе, өздерін банк қызметкері, полиция немесе туыс ретінде таныстыратын адамдарға сақ болу қажеттігі айтылды.

Мамандардың айтуынша, алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы – ақпараттандыру және сақтық. Әр адам қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаса, мұндай қылмыстардың саны да азаяды.

Үлкен Ақсудағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттала бермек. Себебі бүгінгі таңда сақтық – әркімнің өз қолында.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ