Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Алаяқтың қармағына түспеудің бір жолы – асықпау

Алаяқтың қармағына түспеудің бір жолы – асықпау

18 қаралым

Телефонға келген бір хабарлама немесе бейтаныс адамның қоңырауы адамның бірнеше минут ішінде қаржысынан айырылуына себеп болуы мүмкін. Интернет алаяқтары адамдардың сенімін пайдаланып, түрлі тәсілмен жеке мәліметтер мен ақшаны иемденуге тырысады.

Кей жағдайда қылмыскер өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, есепшотта күдікті операция болғанын айтады. Енді бірі полиция қызметкері немесе мемлекеттік органның маманы ретінде хабарласады. Ортақ мақсаты – адамды қорқытып немесе асықтырып, ойланбастан әрекет жасатуы.

Алаяқтықтан қорғанудың ең қарапайым тәсілі – асықпау және ақпаратты тексеру. Банк картасының деректерін, құпия сөздерді және бір реттік кодтарды ешкімге айтуға болмайды. Күмәнді сілтемелерді ашпай, белгісіз адамдардың нұсқауымен ақша аудармаған жөн.

Алаяқтар жаңа тәсіл ойлап табуы мүмкін. Бірақ адамның сақтығы мен сабыры – олардың ең үлкен кедергісі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ