Құқықбұзушылықпен күрес – тек заң бұзылғаннан кейінгі әрекетпен шектелмеуі тиіс. Ең бастысы – оның алдын алу, себептері мен жағдайларын дер кезінде анықтау.
Бұл бағытта мемлекеттік органдар, полиция қызметкерлері, білім беру ұйымдары, ата-аналар және қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылы маңызды. Әсіресе жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
Бос уақытты тиімді ұйымдастыру, спорт пен мәдени іс-шараларға тарту, зиянды әдеттердің алдын алу – жастардың теріс әрекеттерден аулақ болуына мүмкіндік береді.
Әрбір азамат өз ортасындағы тәртіпке бейжай қарамауы керек. Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу үшін жауапкершілік пен азаматтық белсенділік қажет.
Заңды құрметтеу – өркениетті қоғамның басты белгісі. Ал тәртіпті сақтау – баршаның ортақ міндеті.
Қауіпсіз, тыныш және әділетті қоғам құру әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталады.
Ерзат АСЫЛ