Алкоголь өнімдерін заң талаптарын бұза отырып сату қоғамдық тәртіпке ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне де кері әсер етеді. Талғар ауданында сауда орындарында алкоголь өнімдерін сату талаптарының сақталуы бойынша түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе кәмелетке толмағандарға алкоголь сатуға жол бермеу – маңызды міндет. Бір қарағанда ұсақ көрінген заң бұзушылықтың соңы үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлердің заңды білуі, ал тұрғындардың заңсыз саудаға немқұрайлы қарамауы – «Заң мен тәртіп» қағидатының нақты көрінісі.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
