Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, отбасылық қарым-қатынасқа және қоғамдық қауіпсіздікке де кері әсер етеді. Мас күйінде жасалатын жанжал, құқықбұзушылық, жол-көлік оқиғалары мен тұрмыстық зорлық жағдайларының алдын алу үшін профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі қажет.
Бұл ретте басты назар жазалауға ғана емес, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасауға бағытталуы тиіс. Бос уақытын тиімді өткізетін, өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ – қауіпсіз қоғамның берік негізі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

