Перейти к содержимому
Главная страница » Ауыл тазалығына үлес қосты

Ауыл тазалығына үлес қосты

Кеген ауданы Жалағаш ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Бұл жолы тұрғындар көшелер мен ойын алаңдарын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, аумақты ретке келтірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктердің мақсаты – тек айналаны тазалау емес, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндеу.

– «Таза Қазақстан» бір күндік акция емес, бұл әркезде жалғасатын тазалық шарасы. Бүгінгі акцияға қатысқан жандарға алғысымды айтқым келеді. Өйткені, тазалық бар жерде бірлік пен береке бар, –  дейді Жалағаш ауылдық округінің әкімі Айгүл Садырова.

Туған жерімізді таза ұстап, табиғатты аялау – ортақ міндетіміз. Таза ауыл – жарқын болашақ кепілі.

Қорыта келгенде айтарымыз, экологиялық акция тек тазалықтың жаршысы емес, тәртіп пен тәрбиенің де бастауы. Осы тұрғыдан алғанда  «Таза Қазақстан» бағдарламасының жас ұрпақты табиғатқа жанашыр болып, айналаны ұстауда берер тәлімі зор.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы