Перейти к содержимому
Главная страница » Азаматтық ұстанымның көрінісі

Азаматтық ұстанымның көрінісі

Күмәнді жағдайды байқап, тиісті орындарға хабарлау, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге жол бермеу – азаматтық ұстанымның көрінісі. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау да маңызды. Себебі белгілі бір аумақтағы мәселені сол жерде тұратын халықтан артық білетін адам аз.
Қоғамдық қауіпсіздік өзара сенімге негізделгенде ғана тұрақты нәтиже береді. Әр азамат «бұл менің емес, біреудің мәселесі» деген түсініктен арылып, ортақ іске үлес қосуы қажет. Заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бірлік пен жауапкершілік бар жерде қауіпсіздік те берік болады.

Ерзат АСЫЛ