Байкент ауылының тұрғындары Құрылтай депутаттарының сайлауы күні креативтілігімен тағы да көпшілікті таңғалдырды. №414 сайлау учаскесіне «Өрмекші адам» кейпінде келген ерекше кейіпкер сайлаушылардың назарын бірден өзіне аударды.
Танымал кейіпкердің бейнесіндегі тұрғын сайлау учаскесіндегі көңіл күйді көтеріп, әсіресе балалар мен жастарға ерекше әсер сыйлады. Сайлауға келген тұрғындар онымен тілдесіп, арнайы ұйымдастырылған фотозонада естелік суретке түсті.
Күнделікті ресми қалыптан өзгеше көрініс №414 сайлау учаскесіне ерекше атмосфера сыйлады. Тұрғындар өз таңдауларын жасап қана қоймай, көтеріңкі көңіл күймен естелік суреттерге түсіп жатты.
Осылайша, Байкент ауылындағы Құрылтай сайлауы азаматтық белсенділік пен креативті көңіл күй үйлескен ерекше сәттермен есте қалуда.