Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Баланың қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ міндетіміз

Баланың қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ міндетіміз

2 қаралым
жаңа конституция

Баланың қауіпсіздігі мектептің немесе ата-ананың ғана жауапкершілігі емес. Оның айналасындағы барлық ересек адам баланың қауіпсіз ортасын қалыптастыруға үлес қоса алады.

Балаға зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу үшін оның мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару, оны тыңдау және сенім қалыптастыру қажет. Үйдегі жанжал мен зорлықты көріп өскен бала психологиялық тұрғыдан зардап шегуі мүмкін.

Баланың интернеттегі қауіпсіздігі де маңызды. Бейтаныс адамдармен байланыс, күмәнді сілтемелер, жалған жұмыс ұсыныстары немесе есірткіге қатысты жасырын жарнамалар оның өміріне қауіп төндіруі ықтимал.

Сондықтан ата-ана баласының интернеттегі ортасын бақылаумен қатар, онымен ашық сөйлесуі керек.

Жол қауіпсіздігі туралы білім де бала кезден қалыптасады. Жолдан белгіленген жерден өту, бағдаршамға бағыну, көлікке жақын жерде ойнамау – қарапайым ережелер, бірақ олардың маңызы зор.

Баланың қауіпсіздігіне салғырт қарауға болмайды. Өйткені бала бүгінгі қоғамның ғана емес, ертеңгі елдің де болашағы.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ