Нашақорлықтың алдын алу – Балқаш ауданындағы маңызды бағыттардың бірі. Әсіресе жасөспірімдер мен жастарға есірткінің адам өміріне, денсаулығына және болашағына келтіретін зияны кеңінен түсіндірілуде. Құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреспен қатар, оның алдын алу бойынша профилактикалық шараларға да басымдық береді. «Бір рет байқап көремін» деген ойдың өзі орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан жастарға дұрыс бағыт көрсетіп, қауіптің алдын алу – ата-ана, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Алтынай СЕЙІТКЕН
