Интернет кеңістігіндегі алаяқтық деректерінің көбеюіне байланысты тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру маңызды болып отыр. Балқаш ауданында азаматтарға интернеттегі қауіпсіздік ережелері тұрақты түрде түсіндірілуде. Тұрғындарға күмәнді хабарламаларға сенбеу, белгісіз адамдарға жеке мәліметтерді бермеу және банк операцияларын мұқият тексеру қажеттігі айтылуда. Әлеуметтік желілерде таралатын жалған ақпаратқа сын көзбен қарау да маңызды. Әрбір азамат сақтық танытқан жағдайда интернет-алаяқтардың әрекетіне тосқауыл қоюға болады. Қауіпсіз цифрлық орта – ортақ жауапкершілік.
Алтынай СЕЙІТКЕН

