Перейти к содержимому
Главная страница » Дардамтыдағы таза бейсенбі

Дардамтыдағы таза бейсенбі

6 тамыз күні Ұйғыр ауданы Дардамты ауылдық округіне қарасты Дардамты ауылында да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Бұл күні ауыл тұрғындары бір кісідей жұмылып, тазалық жұмыстарына белсене қатысты.

Акцияға 50-ге жуық адам қатысып, ауыл аумағын тазартуға өз үлестерін қосты. Нәтижесінде шамамен 1 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы белгіленген орынға шығарылды. Көшелер, қоғамдық орындар мен жол жиектері ретке келтіріліп, ауылдың ажары айқындала түсті.

Дардамты ауылдық округінің әкімі Дәулет Қодаров бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып: «Тазалық – баршамызға ортақ іс. Осындай шараларға тұрғындардың белсенді қатысуы – ауылға деген жанашырлықтың белгісі. Бірігіп атқарған әрбір жұмысымыз туған жеріміздің көркеюіне үлес қосады», – деді. Әрі әр тұрғын өз ауласы мен үйінің маңын тазалап, туған жеріне деген жанашырлығын танытса, тазалық мәселесі өздігінен шешілер еді дейді ауыл әкімі.

Мұндай игі шаралар тек айналаны тазалап қана қоймай, адамдарды бірлікке шақырып, табиғатқа деген жауапкершілікті де арттырады. Сондықтан тазалыққа бейжай қарамау – әрқайсысымыздың ортақ міндетіміз.

Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Ұйғыр ауданы