Перейти к содержимому
Главная страница » Демократиялық даму жолындағы маңызды қадам

Демократиялық даму жолындағы маңызды қадам

жаңа конституция

Жаңартылған Конституция – еліміздің демократиялық даму жолындағы маңызды қадам. Ол мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жаңа мүмкіндіктерді қалыптастырды.

Конституциялық реформалар халықтың пікіріне құлақ асатын, әділетті әрі ашық мемлекетті дамытуға негіз болды. Бүгінде әрбір азаматтың заң үстемдігін құрметтеп, өз құқықтары мен міндеттерін терең түсінуі – елдің тұрақты дамуының басты кепілі. Конституция – тек құқықтық құжат емес, ол қоғамдағы бірлік пен келісімнің, әділдік пен жауапкершіліктің берік тұғыры.

Жаңа Қазақстанды құру жолында Конституцияның қағидаттарын сақтау – мемлекет үшін де, әрбір азамат үшін де ортақ міндет. Заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік қатар жүргенде ғана біз өркениетті, дамыған әрі болашағы жарқын елді бірге қалыптастыра аламыз.

Айжан ӘБІТ, Еңбекшіқазақ аудандық жастар-ресурстық орталығының жетекшісі