Перейти к содержимому
Главная страница » Дер кезінде хабарласу көп қасіреттің алдын алады

Дер кезінде хабарласу көп қасіреттің алдын алады

Тұрмыстық зорлық-зомбылық — қоғамдағы ең өзекті мәселе. Отбасында зорлық көрген әрбір адам заңға жүгіну арқылы, толық қорғалатынын білуі керек. Полиция органдары мұндай өтініштерді дереу қарап, тиісті шара қолданады. Жәбірленушілерге арнайы дағдарыс орталықтары мен психологиялық көмек көрсетіледі. Көршілер мен туыстардың да бей-жай қарамай, хабарлауы маңызды. Зорлық-зомбылық көрсеткен адамдарға заң бойынша қатаң жаза қарастырылған. Балалар қатысқан жағдайларға ерекше назар аударылады. Тәртіп сақшылары алдын алу мақсатында отбасыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Құқықтық көмек желілері тәулік бойы жұмыс істейді. Үнсіздік — зорлық-зомбылықтың ең қауіпті серігі екенін ұмытпаған жөн. Дер кезінде хабарласу көптеген қасіретті болдырмайды. Қоғам бірге болғанда, зорлық-зомбылыққа орын қалмайды.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ