Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Экранның ар жағындағы қылмыскерден сақтан!

Экранның ар жағындағы қылмыскерден сақтан!

5 қаралым

Телефон арқылы келген бір қоңырау немесе әлеуметтік желідегі бір хабарлама адамның бар жинағын әп-сәтте жоқ қылуы мүмкін. Балқаш ауданында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға күмәнді сілтемелерді ашпау, бөгде адамдарға банк картасының деректері мен SMS-кодтарды айтпау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алаяқтар өзін банк қызметкері, полиция немесе басқа мемлекеттік органның өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды асықтыруға тырысады. Сондықтан «шұғыл ақша аударыңыз», «картаңыз бұғатталды» деген хабарламаларға бірден сенуге болмайды. Интернеттегі қауіпсіздік – қазіргі қоғамдағы құқықтық сауаттылықтың ажырамас бөлігі.

Алтынай СЕЙІТКЕН