Перейти к содержимому
Главная страница » ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ КЕРЕК

ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ КЕРЕК

Есірткі қылмысы – қоғамның қауіпсіздігі мен халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін күрделі мәселе. Оның заңсыз айналымына қарсы күрес құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауындағы бағыттардың бірі. Алайда қылмыстың салдарымен күресумен қатар, оның алдын алуға да басымдық берілуі қажет. Әсіресе жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарының маңызы жоғары. Жасөспірімнің бос уақытын пайдалы өткізуі оның түрлі теріс ықпалдан аулақ болуына мүмкіндік береді. Спорт, білім, шығармашылық және қоғамдық жұмыстар жастардың әлеуетін дұрыс арнаға бағыттайды. Бұл ретте ата-ананың баласымен ашық сөйлесуі де маңызды.

Жас адамның ортасына, қызығушылығына және көңіл күйіне назар аудару көптеген мәселенің алдын алуға көмектеседі. Есірткіні насихаттау мен заңсыз айналымға қатысты кез келген әрекетке қоғам бейжай қарамауы тиіс. Күдікті жағдайлар туралы дер кезінде хабарлау да ортақ қауіпсіздікке үлес қосады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру – есірткі қылмысының алдын алудың маңызды тетігі. Есірткісіз болашақ – дені сау ұрпақ пен қауіпсіз қоғамның негізі.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ