Есірткі – қоғамның ғана емес, тұтас ұлттың болашағына қауіп төндіретін кесел. Оның салдары жастардың денсаулығына, отбасының берекесіне және қоғамның қауіпсіздігіне кері әсер етеді.
Бүгінде есірткінің жаңа түрлері интернет арқылы таратылып, жасөспірімдерді заңсыз айналымға тарту жағдайлары кездесуде. Осыған байланысты полиция, білім беру ұйымдары және ата-аналар бірлесіп профилактикалық жұмыстарды күшейтіп келеді.
Ең тиімді күрес – алдын алу. Салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спорт пен шығармашылыққа баулу және ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы есірткіге қарсы күрестің маңызды бағыттарының бірі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

