Перейти к содержимому

Есірткіге ойланбастан «Жоқ!» де

10 қаралым

Есірткі – жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне қауіп төндіретін үлкен әлеуметтік мәселе. Сондықтан есірткінің таралуына қарсы күрес және оның алдын алу – «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызды бағыттарының бірі.

Есірткі адамның денсаулығын бұзып қана қоймай, оның өмірлік мақсатын, отбасымен қарым-қатынасын және қоғамдағы орнын өзгеріске ұшыратады. Ең өкініштісі, бұл зиянды заттардың құрбанына жастар да айналып жатады.

Сондықтан алдын алу жұмыстары тек құқық қорғау органдарының міндеті емес. Ата-ана, мұғалім, қоғамдық ұйымдар және әрбір азамат жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың қауіпсіз ортасын қалыптастыруға үлес қосуы тиіс.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ