Перейти к содержимому
Главная страница » Есірткісіз өмір — ең дұрыс таңдау!

Есірткісіз өмір — ең дұрыс таңдау!

Есірткі мәселесі – бүгінгі қоғамның ең өзекті қауіптерінің бірі. Ол адамның денсаулығын ғана емес, оның өмірлік мақсатын, отбасылық құндылықтарын және болашаққа деген сенімін де жояды. Сондықтан есірткіге қарсы күрестің ең тиімді жолы – оның алдын алу. Жастар арасында зиянды әдеттердің таралуына жол бермеу үшін олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңызы зор. Спортпен шұғылдану, шығармашылық үйірмелерге қатысу, қоғамдық жұмыстарға араласу жасөспірімдерді теріс әрекеттерден алыстатып, өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастырады. Есірткінің зияны туралы ақпаратты тек арнайы кездесулерде ғана емес, күнделікті өмірде де насихаттау қажет. Ата-ананың тәрбиесі, ұстаздың ақылы және қоғамның қолдауы жастардың дұрыс таңдау жасауына ықпал етеді. Баламен сенімді қарым-қатынас орнату көптеген қауіптің алдын алады. Құқық қорғау органдары заңсыз есірткі айналымының жолын кесумен қатар, тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды да жүйелі түрде жүргізуде. Мұндай шаралардың басты мақсаты – азаматтарды қылмыстық әрекеттен сақтандырып, қоғамда есірткіге мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Есірткіден бас тарту – тек денсаулықты сақтаудың ғана емес, жарқын болашақты таңдаудың көрінісі. Саналы ұрпақ қалыптастыру үшін әрбір азамат зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосуы тиіс.

Құралбек СӘБИТОВ