Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Іле ауданында жас жігіт сайлау учаскесінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Іле ауданында жас жігіт сайлау учаскесінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

48 қаралым

Бойжеткен келісімін бергенде, учаскедегілер жас жұпты қол соғып құттықтады.

Бүгін, 23 тамызда, Іле ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде ерекше оқиға болды. Құрылтай депутаттарының сайлауына сүйіктісімен бірге келген жас жігіт дауыс бергеннен кейін көпшілік алдында үйленуге ұсыныс жасады.

Жігіт бойжеткенге сақина ұсынып, өмірлік серігі болуға шақырды. Күтпеген тосынсыйға толқыған қыз оның ұсынысын қабыл алды. Осы сәтке куә болған сайлаушылар жас жұпты қол соғып құттықтады.

«Өмірімдегі маңызды таңдауды осы күні жасағым келді»

«Бүгін әр азамат ел болашағына қатысты өз таңдауын жасап жатыр. Мен де өмірімдегі ең маңызды таңдаулардың бірін дәл осы күні жасағым келді. Сондықтан сүйіктіме ұсыныс жасау үшін осы күнді таңдадым», – деді жігіт.

Бойжеткен мұндай тосынсыйды мүлде күтпегенін айтты.

«Біз сайлау учаскесіне бірге дауыс беруге келдік. Бірақ дәл осындай ұсыныс болады деп мүлде ойламадым. Бұл күн енді менің өмірімде ерекше орын алады», – деді ол.

Осылайша, сайлау күні жас жұп үшін қос қуанышпен есте қалды: олар дауыс беріп қана қоймай, ортақ өмірге бастайтын маңызды шешім қабылдады.