Балқаш ауданында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша халық арасында кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректер мен банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу жөнінде кеңестер берілуде. Қаржылық қауіпсіздікті сақтау үшін тұрғындарға алаяқтардың жаңа тәсілдері туралы тұрақты түрде ақпарат ұсынылады.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таралатын жалған хабарламалар мен жалған инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Белгісіз нөмірлерден түскен қоңыраулар кезінде жеке мәліметтерді жария етпеу қажеттігі түсіндірілуде. Әр азаматтың сақтығы интернет-алаяқтықтың құрбаны болмаудың ең тиімді жолы болып табылады.
Алтынай СЕЙІТКЕН

