Талғар ауданында қоғамдық тәртіпке кері әсер ететін ішімдікке салынудың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылуда. Мас күйінде жасалған жанжалдың соңы отбасылық кикілжіңге, құқықбұзушылыққа, кейде ауыр қылмысқа дейін ұласуы мүмкін. Сондықтан полиция қызметкерлері елді мекендерде профилактикалық жұмыстар жүргізіп, тұрғындарға алкогольді шамадан тыс тұтынудың зардабын түсіндіруде. Әсіресе жастарды ішімдіктен аулақ болуға, бос уақытын пайдалы өткізуге шақыру маңызды. Өйткені отбасының берекесі мен ауылдың тыныштығы әр адамның өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауынан басталады.
Ерзат АСЫЛ
