Перейти к содержимому
Главная страница » Ішімдікке тәуелділік – үнсіз басталатын қауіп

Ішімдікке тәуелділік – үнсіз басталатын қауіп

Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасына және қоғамдағы орнына кері әсер етеді. Сондықтан алкоголизмнің алдын алу – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі.
Салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдану және бос уақытты тиімді ұйымдастыру зиянды әдеттердің алдын алуға көмектеседі. Отбасы мен достардың қолдауы да маңызды рөл атқарады.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қараған адам ғана ұзақ әрі сапалы өмір сүре алады. Сондықтан әр азамат саналы таңдау жасап, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылуы қажет.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ