Перейти к содержимому

Ішкі талдау

25 қаралым

         Жамбыл ауданында заң мен тәртіп үстемдігін қалыптастыру басты назарға алынған. Осы мақсатта түрлі іс-шаралар өткізу көзделіп, ретімен жүзеге асырылып келеді. Соның бірі аудан әкімдігінде қолға алынды.

         Ол – аудан әкімі  аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау. «Жамбыл ауданы әкімі аппараты» деп аталатын мемлекеттік мекеме «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес шілде айының 30-ы мен тамыз айының 15-і аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуде. Бұл шара сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатын көздейді.

         Ішкі талдау жүргізу кезінде бірқатар құжат қаралады. Атап айтқанда  мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер, ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметке қатысты нормативтік құқықтық актілер тексеріледі.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы