Перейти к содержимому
Главная страница » Кәсіпкерлікке мол мүмкіндік береді

Кәсіпкерлікке мол мүмкіндік береді

жаңа конституция

Жаңа Конституцияда еңбек адамының мәртебесін көтеру мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты ретінде қарастырылған.
Талғар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Абзал Сабалиев Жаңа Конституцияға қатысты пікір білдіріп, құжатта еңбек құқығын қорғау, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және кәсіпкерлікке қолайлы орта қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылғанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституцияда еңбек адамының мәртебесін көтеру мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты ретінде қарастырылған. Бұл еңбек қатынастарындағы әділдікті қамтамасыз етуге және жұмысшылардың құқықтарын нақты қорғауға мүмкіндік береді. «Конституция – мемлекеттің құқықтық және саяси жүйесінің негізі. Сондықтан онда еңбек адамының құқығын қорғау мәселесінің нақты әрі айқын көрсетілуі өте маңызды. Жаңа Ата заңда еңбек қатынастарына қатысты нормалардың күшейтілуі жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін арттыруға бағытталған. Бұл – тек құқықтық өзгеріс емес, қоғамдағы әділдік пен жауапкершілікті нығайтатын маңызды қадам. Өйткені ел экономикасының негізгі тірегі – еңбек адамдары, олардың құқықтары мен мүдделері әрқашан қорғалуы тиіс, – деді Абзал Сабалиев.
Оның пікірінше, бизнесті дамытуға құқықтық кепілдіктердің берілуі экономикалық өсім мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады.

Ерзат АСЫЛ