Бұрын қауіпсіздік дегенде ең алдымен көшедегі тәртіп ойға келетін. Бүгінде қауіптің бір бөлігі адамның телефонының экранына көшті.
Интернет алаяқтар азаматтарды жалған хабарламалар, қоңыраулар мен сайттар арқылы алдаса, есірткі таратушылар жастарды әлеуметтік желі арқылы заңсыз әрекетке тартуға тырысуы мүмкін.
Сондықтан цифрлық ортада сақ болу – қоғамдық қауіпсіздіктің жаңа бағыты.
Бірақ көшедегі қауіптер де өзекті. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, бөтен адамның мүлкіне қол сұқпау, күмәнді жағдайларға бейжай қарамау – әр азаматтың міндеті.
Мүлікті қорғауда да сақтық қажет. Телефон, әмиян, құжат секілді заттарды қараусыз қалдырмау, банк картасының деректерін ешкімге бермеу маңызды.
Ал отбасындағы зорлық-зомбылық пен алкогольге тәуелділіктің алдын алу қоғамдағы қауіпсіз ортаны қалыптастырудың тағы бір маңызды бөлігі.
Қауіптің түрі өзгеруі мүмкін. Бірақ оған қарсы ең тиімді құрал – адамның қырағылығы мен жауапкершілігі.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
