Балқаш ауданындағы қоғамдық қауіпсіздік тек рейдтер мен патрульдік қызметке ғана байланысты емес. Көшедегі тәртіпті сақтау, құқықбұзушылыққа көз жұма қарамау, көршінің тыныштығын бұзбау – қауіпсіз ортаның қарапайым қағидалары. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылап, тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Қауіп төнген жағдайда дер кезінде хабарлау да талай келеңсіздіктің алдын алады. Заңды құрметтеген жерде тәртіп орнығып, тұрғындардың қауіпсіздігі арта түседі.
Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ